Таразда бөтеннің ақшасын жасырын түрде өзіне аударған алматылық азамат ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда «Hi-tech» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында алматылық азамат бөтеннің ақшасын жасырын түрде өз шотына аударған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш іс-шара барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы облысының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол Тараз қаласындағы көлік жуу қызметін пайдалану барысында бөтен адамның ұялы телефонын алып, «мобильдік банкинг» қосымшасы арқылы жасырын түрде телефон иесінің 41 000 теңгесін өз шотына аударған.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», -дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Соңғы жаңалықтар