+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Таразда биыл медициналық колледж бен мектеп-гимназия ашылады

2020 жылғы 22 наурыз 18:24
Бөлісіңіз:
Таразда биыл медициналық колледж бен мектеп-гимназия ашылады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда ағымдағы жылы мектеп-гимназиясы мен медициналық колледж ашылады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістандық жастар онлайн режимде тегін тіл үйренуде Қашықтан оқыту: Оқушылар мен ұстаздар қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі Білім министрі: Бейнесабақтар қазақ және орыс тілдерінде жазылуда

Ағымдағы жылы Жамбыл облысы орталығында «Келешек Тараз» ғылыми-зияткерлік мектеп-гимназиясын және «Ару-Ана» медициналық колледжін ашу көзделуде. Білім беру жобалары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бұрынғы «Әулие-Ата» Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті базасында іске асады деп күтілуде.

Сенбі, 21 наурыз күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 2014 жылы өз қызметін тоқтатқан аталған жоғарғы оқу орнының ғимараттарына барды. Содан бері материалдық-техникалық базамен қамтылған, жалпы ауданы 18 мың шаршы метрден асатын үш корпустың жұмысы тоқтап тұр. Меншік иесі мұнда 1200 орындық мектеп-гимназия мен орта буындағы медициналық қызметкерлер дайындайтын колледж құруға 700 миллион теңгеден астам қаражат салуды жоспарлап отыр.

Облыс әкімі аталған жобаларды мақұлдап, өңірде жоғары сапалы білім беретін жаңа оқу орындарын құрудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев бұрыңғы «Тараз» қонақүйінің ескі ғимаратында орналасқан Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Студенттер үйінде» болды. Өткен жылы қонақүй ғимараты жөнделіп, 500 орындық студенттік жатақхана болып қайта жабдықталған. Жатақханада коворкинг-орталық, мәжіліс, электронды оқыту залдары, бейнестудия, кинозал және асхана, сонымен қатар басқа қалалардан келген студенттердің жайлы орналасуына арналған басқа да бөлмелер бар.

Бұдан соң аймақ басшысы Тараз қаласын абаттандыру және жаңа әлеуметтік, инновациялық нысандардың құрылысы бойынша алдағы уақытта жүзеге асатын баянды жобалармен танысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT