Таразда бірнеше пәтерді тонаған ұры ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер бірқатар пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 2 шілденде Тараз тұрғыны пәтері тоналғаны жөнінде шағымданған. Онда құны 150 мың теңге ноутбук және банк картасы ұрланғандығы хабарланған.

«Полиция 31 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту кезінде ескі монеталар, ұялы телефондар, бағалы заттар, қымбат сағаттар, патрондар және қару секілді 100-ден астам түрлі зат анықталды. Күдіктінің пәтерінде табылған әрбір заттың қылмысқа қатыстылығы тексеріледі», - делінген ведомство мәлімдемесінде.


Күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция департаменті өзінің немесе таныстарының заттарын білген жағдайда, Тараз қаласы полиция басқармасының бірінші полиция бөліміне 8(7262)99-78-07, 87751326800 нөмірлері бойынша немесе 102 пультіне хабарласуды сұрап, пәтерден тәркіленген заттардың суреттерін жариялады.



Соңғы жаңалықтар