+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Таразда  бірнеше қызды тұзағына түсірген интернет алаяғы  ұсталды

2020 жылғы 19 сәуір 06:17
Бөлісіңіз:
Таразда  бірнеше қызды тұзағына түсірген интернет алаяғы  ұсталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері төтенше жағдай кезінде бірнеше адамды өз арбауына түсірген интернет алаяғын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

37 жастағы ер адам әлеуметтік желі арқылы атын өзгертіп, қыздармен танысып отырған. Ол қыздардың сеніміне әбден кіріп алып, әрқайсысынан еңбекақысын аударатын төлем карточкаларын пайдалануға рұқсат алады. Сенім білдірген қыздар өз деректемелерін ұсынуға келіседі. Сол арқылы ол қыздардың атына несие ресімдеп, ақшаны өз қалтасына салып отырған.

«Интенет-алаяқ өзінің әккі әрекетімен бес қызды «тұзағына» түсірген. Жалпы шығын сомасы 1 069 000 теңгені құрады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Жамбыл облысының полиция департаменті тұрғындарды коронавирусқа байланысты енгізілген шектеу шаралары жағдайындағы алаяқтық қаупі туралы ескертіп, сақ болуға және әлеуметтік желілердегі ұсыныстар мен қызметтерге сенбеуге шақырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT