Таразда бір түнде 12 кальян шегуші анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар барысында 10 көңіл көтеру орнына қатысты тексеру жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейдтер Жамбыл облысының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен және Тараз қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлескен түрде өтті. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Тексеру барысында ҚР ӘҚБтК 441-бабына сәйкес (Қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзу), әкімшілік құқық бұзушылықтың 12 дерегі анықталды. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 6 «Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 159-бабының 5-тармағына сәйкес, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынғаны туралы ақпараттық парақшалар таратылды»,- делінген ведомоствоның хабарламасында.

Сондай-ақ, шара барысында Тараз қаласындағы кафе-барлардың әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 422-бабы және 423-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілген.

Соңғы жаңалықтар