Таразда биіктігі 30 метрлік «Қазақ еліне мың алғыс» стелласы бой көтеруде

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Тараз қаласында «Қазақ еліне мың алғыс» стелласы бой көтереді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев облыс орталығын аралау барысында «Қазақ еліне мың алғыс» стелласының құрылыс жұмыстарымен де танысты. Биіктігі 30 метр болатын сәулет құрылысы - «Арбаттың» екінші кезеңінің бір бөлігі саналады.

Стелла орналасатын жалпы ауданы 3,5 га болатын аумақта көпжылдық және сәндік ағаштар, көгал отырғызылып, субұрқақ орнату, жарықтандыру, орындықтар және шағын сәулет нысандарының құрылысы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылмақ.

– Тиісті жұмыстардың барлығы сапалы жүргізілуі тиіс. Қала әкімі құрылыс барысын үнемі назарда ұстап, бақылап отыруы қажет. Біз Таразда қала тұрғындары мен қонақтарына арнап, демалатын жасыл аймақ құруға айрықша күш жұмсауымыз керек, – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы қала әкіміне бірқатар коммерциялық нысандардың сыртқы келбетін ретке келтіру, маңындағы аумақтарды жайластыру мәселелері бойынша олардың иелерімен түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды.



Соңғы жаңалықтар