Таразда биіктігі 13 метр болатын Әулиеата ескерткіші ашылады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда қала күніне орай Әулиеата ескерткішін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда ескерткіштің тұғыртасы қалануда. Құрлыс басында 80 жұмысшы, 8 техника жұмыс істеп жатыр. Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, тұғыртастың биіктігі - 8 метр, ескерткіштің биіктігі - 13 метр болмақ.

Ескерткіш биік қырдың басында орналасқан. Қырдың етегіндегі кіре берісінде арка, арнайы тамашалау алаңы, ескерткішке көтерілетін баспалдақ орналасқан. Жанында Талас өзені ағып жатыр. Өзеннің үстіндегі көпірдің екі жағында биіктігі 4 метр болатын екі арыстанның мүсіні, баспалдақ бойымен Қарлұқ қағанаты кезінен араб экспансиясына дейінгі қалалар бейнеленетін инсталяция орнатылмақ.

Айта кетейік, ескерткіш «Тектұрмас» жобасының бірінші кезеңі бойынша бой көтеруде. Жобаның екінші кезеңінде ескерткіштің сол жақ бөлігіндегі алаңда Атлах шайқасы мен Аңырақай шайқасын бейнелейтін қабырға орнатылады. Сондай-ақ, ескерткіштің айналасына басқа да жобалар жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар