Таразда бейтаныс адамды ұрып өлтіргендерге үкім шықты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бейтаныс жігітті ұрып өлтірген үш айыпталушыға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 2018 жылдың қыркүйегінде Тараздағы «Барбарис» дәмханасының маңында аталмыш мекеменің масайған үш қонағы мен сол маңнан өтіп бара жатқан жас жігіттің арасында төбелес болған. Көптеген ауыр жарақаттардың салдарынан 23 жастағы бейтаныс жігіт №1 қалалық ауруханада көз жұмған.

«Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтар А., Р. және Ж.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») 3-бөлігі («Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекет») бойынша айып тағылды», - делінген соттың хабарламасында.

Істің екі фигуранты - А. мен Р. Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі орташа мекемесінде өтейді.

Үшінші фигурант Ж. Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі, 1-тармағындағы қылмысты жасады деп танылып, оған үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді.


Авторы: Галина Скрипник

Соңғы жаңалықтар