Таразда бес бала газға уланып, ауруханаға түсті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында бір үйдің бес баласы газға уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараз қаласы, Әбдіров көшесіндегі жеке тұрғын үйде табиғи газбен жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу салдарынан уытты газдан уланған үй иесінің 5 баласы ауруханаға түсті.

Оқиға 23 желтоқсан күні болды. ТЖ департаменттің кезекші қызметіне хабарлама таңғы сағат 7:05-те түскен.

«13, 11, 7 және 3 жасар тағы екі баланың қазіргі жағдайы орташа күйде», - делінген ТЖД ақпаратында.

Оқиға орнына ТЖ департаментінің және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның 4 қызметкері және 2 бірлік техникасы барып, оқиға салдарын жойды.


Соңғы жаңалықтар