+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Таразда белгілі тұрағы жоқ азаматтар ПТР-талдауын тегін тапсыра алады

2020 жылғы 22 қараша 21:44
Бөлісіңіз:
Таразда белгілі тұрағы жоқ азаматтар ПТР-талдауын тегін тапсыра алады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздағы өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды, қайта әлеуметтік бейімдеу орталығында үй-күйсіз жүргендерді ПТР тестілеу мәселесі шешілді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
660 науқас коронавирус індетінен емделіп шықты Өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус инфекциясы табылды Тұмау тарайтын уақытта коронавирустың да белсенділігі байқала бастады - дәрігер

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде Таразда белгілі тұрағы жоқ азаматтар әлеуметтік бейімдеу орталығына кіре алмай жүргені туралы ақпарат жарияланған болатын. Оған себеп ретінде келушілерден коронавирус дерті жоқ екенін растайтын сынама нәтижелері талап етілгендігі айтылған-ды.

Аталған мекеме басшысы бүгінде бұл мәселенің оң шешімі табылғанын айтады.

«Мәселе туындағаны рас. Алайда кеше ол оң шешімін тапты. Енді біздің қызметкерлер келушілерді «Ұлттық экспертиза орталығының» филиалына апарып, сол жерде тегін ПТР-сынама алынады. Нәтижесі шыққанша, олар уақытша фильтр бөлмеде болады. Теріс нәтиже шыққан жағдайда келуші 14 күндік карантинге оқшауланады. Осы уақыт өткен соң ғана келушіні жалпы палатаға орналастыра аламыз»,- дейді орталық директоры Гаухар Сейітқазиева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT