Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Таразда басына кірпіш құлаған зауыт жұмысшысы қаза тапты

2022 жылғы 8 маусым 19:24

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда өндіріс орнында жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық пролиция департаментінің мәліметінше, 7 маусым сағат 21:40 шамасында полицияға «Қазфосфат» ЖШС қызметкері ауыр жарақат алды деген хабар түскен.

Полиция қызметкерлері 34 жастағы тұрғынның басына жұмыс орнында кірпіш құлағанын анықтады.

Ер адам жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізу кезінде алған жарақатынан көз жұмған.

«7 маусым күні аталған дерек бойынша жұмыс барысында қауіпсіздік ережесі сақталмағаны үшін Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды» делінген полиция мәліметінде.

Автор:

Жанат Қапалбаева

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары