Таразда бассейнде шомылып жүрген жасөспірім мен кішкентай бала суға кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздың жекеменшік демалыс орындарында қайғылы оқиғалар тіркелді. Жасөспірім мен 7 жасар бала суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы ТЖД-не сілтеме жасап.

«Күншуақ» демалыс орнының аумағында 7 жасар бала бассейнде шомылып жүріп, суға батып кетті. Куәгерлер баланың денесін судан өз беттерімен алып шыққан», - деді ведомство өкілі.

Сондай-ақ, «Уатервиль» жекеменшік демалыс орнының маңындағы хауыздан куәгерлер 14 жастағы жасөспірімнің денесін алып шықты.

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, адамдардың шомылуға арналған жерлерде қаза табуы жиілеп кеткен. Осылайша, 2 тамызда «Жаңатас» қалалық жағажайында 54 жастағы ер адам суға кетіп, мерт болған.

Ведомствоның берген ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері облыстың су қоймаларында арты қазаға алып келген 15 жағдай тіркелген.

Соңғы жаңалықтар