Таразда басқарма басшысы 100 мың теңге пара алған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тараз қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысы пара алғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының пару алу фактісін анықтады. Ол делдал арқылы жеке компания өкілінен жүзу бассейнін пайдалануға оң санитарлық-эпидемиологиялық тұжырым жасау үшін 100 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», делінген хабарламада.
Агенттіктің мәліметінше, күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты соңғы үкімді сот шығаратын болады.
- Шымкентте карантин кезінде мұғалімдерден жүйелі түрде пара алған директор 8 жылға сотталды
- Жамбыл облысында «Қызыл кітапқа» енген қарақұйрықты атқан браконьер ұсталды
- Жамбыл облысында өрт сөндіруші бейтаныс әйелді ажалдан аман алып қалды
- Жамбыл облысында халыққа қауіп төндіретін 14 су қоймасы бар
-
Алматыда инфекциялық аурухана қаражатын жымқыруға қатысты тергеу басталды
-
Алматыда басқарма басшыларының бірі ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам