Таразда балалар 6 жасар ұлды өртеп жіберген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таразда балалар белгісіз жағдайда 6 жасар ұлды өртеген, деп хабарлайды ZhambylNews өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Балалар тез жанатын сұйықтықпен ойнап жатқан кезде белгісіз жағдайда 6 жасар бала өртеніп кеткен», - деп мәлім етті мекеменің баспасөз қызметі.

Бала I және III дәрежелі күйікпен (денесінің 18%) ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда №2 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлер баланың жағдайын ауырлығы орташа деп бағалап отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ, Қостанай облысында 48 жастағы әйелдің денесін белгісіз жағдайда күйік шалған, деп хабарлайды alau.kz Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Денесінің 30% күйген, атап айтқанда, бетін, кеудесін, денесінің жоғары бөлігін, ішін күйік шалған. Біз оны жеткізілген бойда жансақтау бөліміне жатқыздық. Бұл жағдай қалай болғанын айтпай отыр. Жедел медициналық көмек көрсетілуде», - деді Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері Юрий Моиссев.

Қостанай облысы жедел медициналық көмек стансасының бас дәрігері Ирина Штейгервальдтің айтуынша, дәрігерлер науқасты ауруханаға даладан жеткізген. Зардап шеккен әйел фельдшерлерге бар болғаны жанында бір сұйықтықтың тұтанғанын, артынан үстіндегі киімі өртенгенін айтқан.

Соңғы жаңалықтар