Таразда әйел түрме қоршауынан есірткінің үш түрін лақтырмақ болған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбіге қараған түні ЖД-158/7 колониясының маңындағы аумақты торуылдау барысында мекеме қызметкерлері негізгі сым бөгетінен бірнеше қадам жерден бір әйелді ұстады, деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінен.

«Тексеру кезінде 35 жастағы әйелден ұнтаққа ұқсас заттар салынған үш орама табылды. Бүгін сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша, әйелден алынған орамалардың ішінде салмағы 60 грамға жуық героин, наша және марихуана болған», - деп атап өтті әңгімелесу барысында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кезекшісі Абылайхан Ілиясов.

«Ұсталған азаматшаның есірткі заттарын таратып, сатқаны үшін екі рет сотталғаны анықталды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына жіберілді», деп қосты А.Ілиясов.

Соңғы жаңалықтар