Таразда автокөлік қаққан велосипедші қайтыс болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында автокөлік қағып кеткен велосипедші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 шілдеде сағат 21:40-та Тараз қаласындағы Төле би мен Ұлбике ақын көшелерінің қиылысында «Mercedes-Benz CLS 350» автокөлігінің жүргізушісі жолдың бойымен келе жатқан велосипедшіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Бұл факт бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жамбыл облысы ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Даңқов Жанібек ҚР қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің мән-жайы жариялануға жатпайтындығын жеткізді.



Соңғы жаңалықтар