Таразда автокөлік бөлшектерін ұрлаған күдікті бейнекамераға түсіп қалған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласының тұрғыны құны жарты миллион теңгеден асатын автокөлік бөлшектерін ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30 қараша күні полицияға 69 жастағы әйел үйіне жақын жерде тұрған көлігінен дөңгелектер мен автокөлік бөлшектерінің ұрлағаны туралы шағым түсірген.

«Аталған факт бойынша 188-баптың 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Тараз қаласының 24 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді. Күдікті бейнекамераға түсіп қалған. Ол, сонымен қатар, бұған дейін тұрғын үй гаражынан газ құралы, автокөлік дөңгелектері мен кілттер жиынтығын ұрлады деген күдікке алынған»,-делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Күдікті екі фактіні де мойындаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысының полиция басқармасы автокөліктен мүлікті ұрлау қаупін азайту бойынша оны дабыл беру құралымен жабдықтау, түнгі уақытта көліктерді үйлердің аулаларында немесе оңаша бұрыштарда қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар