Таразда автобус пен жедел жәрдем көлігі соқтығысып, төрт адам зардап шекті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін Тараз қаласында бірнеше адам зардап шеккен жол көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«3 мамыр күні Тараз қаласында «Газель-32214» маркалы жедел жәрдем көлігі мен «DONG FENG» маркалы жолаушылар автобусының қақтығысуы салдарынан жол көлік оқиғасы болды», - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Оқиға салдарынан жедел жәрдем көлігі бір жағына аударылған. Автобус жолаушыларының біреуі және жедел жәрдем көлігінде болған үш адам жарақат алды. Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды».
null

Белгілі болғандай, зардап шеккендердің барлығы облыс орталығындағы емдеу ұйымдарының медициналық көмегіне жүгініп, қажетті көмектерін алғаннан кейін үйлеріне қайтарылды.

Облыс әкімдігінің жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы мәліметінше, биылғы жылдың үш айында облыс бойынша 265 жол көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 20 адам қаза тауып, 431 адам зардап шеккен.

«Жасалған сараптама жол көлік оқиғаларының басым бөлігі жол жүру ережелерінің сақталмауынан, әсіресе жылдамдықты арттыру салдарынан болатынын анықтап отыр, - деді Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова. - Біздегі жүргізушілерде жол жүру мәдениетінің жоқтығы мен жол жүру ережелерін сақтамауы осындай қайғылы оқиғаларға жиі әкеп соқтырады. Кейінгі кезде жүргізушілердің жедел жәрдем көліктеріне жол бермеуі өзекті мәселеге айналды».

Автор: Галина Скрипник

Соңғы жаңалықтар