Таразда ауа ластанған – Экология министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Таразда ауаның ластанғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің мәліметтеріне қарағанда, Тараз қаласында атмосфералық ауа мониторингі 5 бақылау бекеттерінде, соның ішінде 4 қол күшімен алынатын бекеттерде және 1 автоматтық станцияда жүргізіледі.

Жалпы қала бойынша ластану 16 көрсеткішке дейін анықталады:

1) қалқыма бөлшектер (шаң);

2) РМ 2,5 қалқыма бөлшектері;

3) РМ 10 қалқыма бөлшектері;

4) күкірт диоксиді;

5) көміртегі оксиді;

6) азот диоксиді;

7) азот оксиді;

8) фторлы сутек;

9) формальдегид;

10) озон (жербеті);

11) күкіртсутек;

12) бенз(а)пирен;

13) марганец;

14) қорғасын;

15) кобальт;

16) кадмий.

«2022 жылғы 11 шілдеде ауа мониторингі нәтижесі ауада қалқыма бөлшектер (шаң), азот диоксиді, күкіртті сутегі бойынша ластанудың көтеріңкі деңгейін көрсетті»,-делінген министрліктің хабарламасында.

Осыған дейін Таразды қою түтін басқаны анықталды.


Соңғы жаңалықтар