Таразда әскерилерге қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дрон көмектеседі

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда тыныштықты күзетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дрон қолданылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

« Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Тараз гарнизоны қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, жергілікті жерді бақылау үшін «Skylark» барлау ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданып жатыр.

Олардың көмегімен әскери қызметшілер блокпостар мен жергілікті жердегі жағдайды бақылайды.

Сондай-ақ, әскери қызметшілер Тараз қаласындағы әуежайды да күзетіп тұр.


Соңғы жаңалықтар