Таразда әскерилер мұз астында қалған баланы құтқарды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда Тұңғыш Президент саябағында әскери қызметкерлер суға батқан баланы құтқарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының 5513 әскери бөлімі командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Төрехан Төртбаев айтқандай, 5513 әскери бөлімінің үш әскери қызметшісі Тұңғыш Президент саябағындағы жаяу бағыт бойынша қоғамдық тәртіпті күзеткен.

«ІІМ Ұлттық гвардиясы әскери жасағының бастығы қатардағы Абзамов және патрульдік қатардағы Аяпбергенов пен Сатыбалдиев мұз жамылған бөгеттен көмек сұраған дауыс естіген. Толық мұз қатып үлгермеген тереңдігі бір жарым метр бөгетке бала түсіп кетіп, шыға алмай көмек сұраған. Патрульдің бірі бөгетке сүңгіп, қалған екеуі жағада тұрып баланы шығарып алды», - дейді майор Төртбаев.

Тез арада Дереу жауап беру қызметінің көлігі келіп, әскерилерді санитарлық бөлікке, ал баланы ата-анасына жеткізген. Қазіргі таңда екеуінің де жағдайы бірқалыпты. Құтқарылған баланың ата-анасы әскери бөлімнің командиріне алғыс хат жазды, деп атап өтті ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының 5513 әскери бөлімі командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 

Соңғы жаңалықтар