Таразда Арыстағы жағдайға байланысты гуманитарлық көмек беру бекеті ашылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Арыста әскери бөлімде болған жарылыстарға байланысты Тараз қаласында гуманитарлық орталық ашылды. Бұл туралы өзінің facebook-тегі парақшасында Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Нурадин Рақай жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметі достар! Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты Тараз қаласында гуманитарлық көмек көрсету пункті ашылғандығын хабарлаймыз. Бірінші кезекте қажет заттар: гигиеналық заттар, консервілер, дәнді дақылдар мен макарон өнімдері, жеміс-жидектер, су, балаларға арналған киімдер, көрпелер. Көмек көрсету мекенжайы: Тараз қаласы Ы.Сүлейменов көшесі, №1ғ «Nur Otan» партиясы ғимараты. Байланыс телефондары: 87072728591, 87077339934, 87026339934»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығын хабарлағанбыз.

Оқиға орнына шұғыл түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетіп, жарылыс аумағынан эвакуацияланған тұрғындармен кездесті.

Соңғы жаңалықтар