Таразда алкогольді ішімдік жасайтын жасырын цех әшкере болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласында жеке меншік үйдің тұрғындары жалған алкоголь өнімдерін дайындап келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне Тараз қаласының бірнеше тұрғынының жеке меншік үйде акцизделетін тауарларды таңбалау тәртібі мен ережесін бұзып, заңсыз алкоголь өнімін дайындап, сатумен айналысатыны жөнінде ақпарат келіп түсті.

«Департамент қызметкерлері жүргізген жедел шаралар барысында заңсыз алкоголь өнімдерін дайындайтын жасырын цех жойылды. Тінту кезінде құрамында спирті бар 750 литр сұйықтық, 12 500 есепке алу-бақылау маркасы, 11 840 алкоголь өнімінің заттаңбасы, заңсыз өнім дайындауға арналған әртүрлі жабдықтар (ыдыстар, қақпақтар қаптамасына арналған жайма кілті), 1000 бөтелкеден астам дайын алкоголь өнімі тәркіленді» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта айғақтарды жинақтау және бекіту бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.













Соңғы жаңалықтар