+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Таразда «Адалдық кітапханасы» ашылды

2019 жылғы 19 қазан 10:24
Бөлісіңіз:
Таразда «Адалдық кітапханасы» ашылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –«Жамбыл-адалдық алаңы» жобасы аясында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде жастарды парасаттылыққа баулып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен жоғары мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашықтық, адалдық принципіне негізделген «Адалдық кітапханасы» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев игі іс-шарада осындай адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелейтін жобалар арқылы өскелең ұрпақтың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, оларды адамгершілікке, еңбексүйгіштік пен саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосуға болатындығын айтты.

«Адалдық кітапханада» жеке, еркін және топтық жұмыс жасауға арналған бөлімдер бар. Жастардың тыныш отырып дайындалатын кабиналары, еркін отырып демалатын кеңістігі, топпен жұмыс жасауға және тренингтер өткізуге болады. Бос уақытын шахмат,шашка сынды ойындарымен қызықты және тиімді өткізуге, жұмсақ орындар кітап оқуға және жүрегіне жақын әуен тыңдап демалуына жағдай жасалған.

Онда кітапханашылар қызметі дәстүрлі форматтан еркін кеңесші форматына көшті, яғни студент өзі еркімен қажетті құралдарын таңдап, еркін пайдалануына мүмкіндік бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT