Таразда 86 жастағы қария коронавирусқа шалдыққан

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – 6 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирус инфекцияның бес оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауырғандардың бірі - 1999 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны. Азаматша 3 сәуірде Дели-Тараз рейсімен келген.

Аталған рейстің барлық жолаушылары ұшу жолағынан бірден арнайы автобустарға отырғызылып, медициналық және полиция қызметкерлерінің ілесіп жүруімен карантиндік стационарға жатқызылды. Медициналық мекемеде олардан 14 күн бойы талдау алынады.

Сондай-ақ, Тараз қаласының 59 жастағы тұрғынынан инфекцияға алынған талдау оң нәтиже көрсетті. Ол бұған дейін ауырған науқаспен байланыста болған. Онымен қарым-қатынаста болған 24 адам анықталып, карантинге жатқызылды.

Үшінші науқас - облыс орталығының 86 жастағы тұрғыны. Эпидемиологиялық тексеру барысында оның 17 наурыз күні Алматыдан келген жақын туысымен байланыста болғаны белгілі болды. Науқаспен қарым-қатынаста болған 5 тұлға анықталып, карантинге жатқызылды.

Сондай-ақ, Меркі ауданының 1990 және 1998 жылы туған екі тұрғынының талдау қорытындалары оң нәтиже көрсеткен. Олармен байланыста болған 17 тұлға карантиндік стационарға орналастырылып, оқшауланды.

Бүгінде байланыста болған адамдарды анықтау, оларды карантиндік стационарға орналастыру, зертханалық зерттеу үшін талдаулар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Санитарлық-эпидемиялық қызметтер олардың тұрғылықты және барған жерлері бойынша дезинфекциялық өңдеу шараларын жүргізді.

Қазіргі таңда жалпы облыс бойынша коронавирустың 40 жағдайы тіркелген.Оның ішінде 11 адам шекаралық өткізу пункттерін кесіп өту кезінде, 6 жолаушы Дели рейсінен анықталған. Таразда - 5 оқиға, Қордай ауданында – 14, Меркі ауданында – 2, Шу және Жамбыл ауданында бір-бірден тіркелген.


Соңғы жаңалықтар