Таразда 60 жастағы азамат өз бақшасында марихуана өсірген

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласының тұрғыны өз бақшасында марихуана өсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карасора-2020» республикалық жедел алдын алу шарасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері өз бақшасында құрамында есірткі бар өсімдіктер өсірген 60 жастағы Тараз азаматын ұстады. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жалпы салмағы 60 келі болатын марихуана тәркіленді. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облыстық полиция департаменті тұрғындарға тыйым салынған өсімдіктерді немесе құрамында қарасора, көкнәр немесе басқа да есірткі заттары бар өсімдіктердің сорттарын өсіру немесе егу үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланатындығын ескертеді»,-делінген ведомство хабарламасында.



Соңғы жаңалықтар