Таразда 6 мыңнан астам ағаштар отырғызылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының тұрғындары Наурыз мерекесін атап өтуге дайындалуда және мұнда қалыптасқан дәстүр бойынша, жалпыға ортақ сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17 наурызды жамбылдықтар Алас күні деп атап, Наурыз мерекесі қарсаңында қалада тазалық жұмыстарын жүргізді.

Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарланғанындай, елді мекендерді көгалдандыру мен санитарлық тазалық жұмыстарына қоғам өкілдері, мемлекеттік қызметшілер қатысқан. Әрбір ұйымға тазалық жұмыстарын жүргізу үшін аймақтар бөлініп берілді.

«Таразда бүгін облыс және қаланың бірінші басшыларының, ардагерлер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ағаштар отырғызылды. Сирень, акация, гүл салатын ағаштар ат-Тарази орталық мешітінің, Тұңғыш Президент паркінің және Қайрат Рысқұлбеков паркінің алдына отырғызылды»,-деді ҚазАқпарат тілшісіне Тараз қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбаһрам Дүйсекова.

Сенбілікке барлығы 8900 адам қатысып, 6100 ағаш отырғызылған. Ортақ іске 60-тан астам техника жұмылдырылып, 430 тонна қоқсық шығарылған. 12 км арық тазаланып, 3 мың ағаш отырғызылды, деп түсіндірді Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Жамбыл облысының елді мекендеріне көгалдандыру мен көріктендіру жұмыстарына 30 мың адам қатысқан.

Соңғы жаңалықтар