Таразда 6 қарулы қылмыскер өлтірілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында алты қарулы қылмыскер өлтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы жедел штабының мәліметінше, 69 арандатушы ұсталды, бірқатар лаңкестік актінің алды алынған, 6 қарулы қылмыскер өлтірілді. Құқық қорғау органдарының бес қызметкері жарақат алды, 100-ден астам қызметтік көлік бүлінді. Облыс орталығында 11 блок пост қойылды. Соңғы тәулік ішінде қаскүнемдер блок посттарға 4 рет шабуыл жасаған. Қарулы топтар мүшелерін аняқтау және ұстау операциялары жалғасуда. Бұған полиция, ҰҚК, «Оңтүстік» аймақтық командованиесінің 2 мыңнан астам қызметкері мен әскерилер, сондай-ақ 100-ден астам техника бірлігі жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар