+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Таразда 54 жастағы әйелді питбуль талап өлтірді

2019 жылғы 12 қыркүйек 22:56
Бөлісіңіз:
Таразда 54 жастағы әйелді питбуль талап өлтірді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда төбет ит талап тастаған 54 жастағы әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Америкалық қауіпті аңшылық ит тұқымына жататын питбуль талап тастаған әйел ауыр халде аурханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады. Оқиға бүгін кешкі сағат бестер шамасында 2-бұрылыс, Сухамбаев көшесі, 10-үйдің ауласында болған. Көпшіліктен көмек сұрап жан ұшыра айғайлаған әйелдің дауысын көршілер естіп, көмекке жеткен. Ауылдастары адамнан итті айырып алуға асыққанымен, алып төбетке әлдері келмеген.

Итке таланған әйел туған әпкесіне қонаққа келген. Көршілерінің сөзінше, ол жиі келіп тұрған. Бірақ бұл жолы әпкесі сіңлісін ызақор итінен құтқарып қала алмаған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары да итті атып өлтіріп қана араша түскен.

«Көздеп аттым, содан кейін ол жарақаттанып, үйге кіріп кетті. Қайтадан шабуыл жасағандықтан, тағы да табельді қаруды қолданып, итті өлтіруге мәжбүр болдық. Жалпы қару 6 рет атылды. Қазіргі таңда ит иесін жауапкершілікке тарту үшін қылмыстық іс қозғалды», - дейді Тараз қаласы полиция бөлімінің 17-ші тірек пунктінің учаскелік полицейі Дінмұхаммед Сатыбалды.

Дәрігерлердің айтуынша, ауыр жарақат алған азаматша дереу жансақтау бөліміне жатқызылған. Табиғатынан қанқұмар ит тұқымына жататын питбуль 54 жастағы әйелді белден төмен жұлмалап тастаған. 2 литр қан жоғалтқан науқас ауруханада жан тапсырды.

«Науқас отадан кейін 4 сағаттан соң көз жұмды. Ол қатты қан жоғалтқандықтан геморрагиялық шок алған. Бұл дегеніміз ауыр травматикалық жарақат пен қан жоғалтудан шошынған қос бірдей шокқа жатады. Қазір патологиялық-анатомиялық зерттеу жүргізу үшін марқұмның денесі сот сараптамасына жіберілді», - дейді облыстық аурухана хирургия бөлімінің меңгерушісі Жандос Рысқұлов.

Оқиғаға куә болған көршілердің сөзінше, аңшылық иттің иесі төбетті 4 жыл бұрын асырап алған. Қабаған ит үнемі қамауда болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Оқиға, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT