Таразда 500 өнерпаз белгілі күйлерді бірлесіп орындады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда Ұлттық домбыра күнін ұлықтау мақсатында 500 өнерпаздың қатысуымен «Домбыра - халық мұрасы» атты домбыра party өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филормонияның ұйымдастыруымен өткен іс-шараға 500-ден астам өнерпаз қатысты. Аталмыш филармонияның қазақ ұлт аспаптар оркестрі де шараның көрігін қыздырды. Барлық қатысушылар бірлесіп Түркештің «Көңілашар» күйін, ҚР Мәдениет қайраткері Аман Молдыбаевтың бастамасымен «Көне Тараз» күйін, күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әбдімомын Желдібаевпен бірлесе «Ерке сылқым» күйін, Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» және «Сарыарқа» күйлерін шеберлікпен орындап, тыңдаушылардың құлақ құрышын қандырды.

«Әр қазақ үшін киелі домбыра - ұлтымыздың символы, қазақ күйі - адам жанын тебірентеді, керемет сезімге бөлейді, жүректі тербеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, терең ойларды сөзден артық жеткізеді. Көшпенділер заманында да солай болған, әлі де солай. Бүгінгі мына іс-шара соның бір айғағы десек қателеспейміз»,- дейді белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев.

Соңғы жаңалықтар