Таразда 500-ден астам оқушы қатысқан есірткіге қарсы акция өтті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан есірткіге қарсы!» акциясы өтті. Оған Тараз қаласындағы 500-ден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараның мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және есірткінің таралуына және олардың синтетикалық түрлеріне қарсы күрес шараларын күшейтуге бағытталды.

С. Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп ауласында өткен іс-шара Жамбыл облысы ІІД ЖПБ қызметкерлері нашақорлықтың алдын алу бойынша полиция подполковнигі Б. Тастамбеков пен полиция капитаны А. Каукешова балаларға синтетикалық есірткі заттарындағы қауіптілік туралы айтып берді. Сондай-ақ нақты мысалдар келтіріп, балаларды есірткі заттарымен байланысты нәрселерге бой алдырмауға шақырды. Одан кейін кинологиялық қызмет орталығының кіші инспекторы полиция старшинасы А. Муфтооглы оқушыларға иісшіл иттің есірткіні іздестірудегі іскерлігін көрсетті.

Өз кезегінде мектеп оқушылары мерекелік концерттік бағдарлама дайындады.

Соңғы жаңалықтар