+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Таразда 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

2021 жылғы 11 қазан 20:12
Бөлісіңіз:
Таразда 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда 15 шағын ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген 5 қабатты үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қоныс той иелерін құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Елорда көршілері» тұрғын үйді басқару және дамыту бағдарламасы іске қосылды Алматының «Зерделі» ықшамауданында 20 үйдің іргетасы нығайтылады Астанада 8 жыл күткен «Жеті жол» тұрғын үй кешенінің үлескерлері пәтер кілтін алды

Тұрғын үйдің құрылысы өткен жылы басталған болатын. Жоба құны – 442,405 миллион теңге. Бас мердігер – «Бином» ЖШС. Тұрғын үй барлығы екі бөлмелі 45 пәтерден тұрады.

Бұл күні жаңа пәтердің кілтіне ие болғандардың қатарында жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар, толық емес және аз қамтылған отбасылар, басқа да әлеуметтік осал топтағы азаматтар бар.

«Елімізде қолжетімді баспана мәселесін шешуге айрықша көңіл бөлінген. Бұл ішкі саясатымыздың басым бағыттарының бірі. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында облысымызда мыңдаған отбасы баспанамен қамтылды. Биыл 50 көппәтерлі үйді пайдалануға беру жоспарланса, оның 32-сі берілді. Біздің облыста тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін тиімді шешу мақсатында «Асарлатып үй салу» жобасы белсенді іске асуда. Жыл соңына дейін жамбылдықтардың күшімен 138 үй салынады, оның 15-і Таразда. Алдымызда қоныс тойлар көп. Бүгінгі қуаныш иелерін құттықтаймын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын», - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы өз сөзінде 15-шағын ауданда үлкен мектеп салынатынын айтты.

Бес баланың анасы Зәуре Жаңалақова 10 жыл бойы баспана кезегінде тұрғанын жеткізді.

«Балаларым жаңа үйге көшкенше асығуда. Бүгін менің отбасым үшін ең бақытты күн. Ел басшылығына қамқорлықтары үшін алғысымызды білдіреміз», - деді ол.

Балалар үйінің тәрбиеленушісі Элина Марченко да өз қуанышымен бөлісті.

«Мен бұл пәтерді 10 жыл бойы күттім. Шынымды айтсам, әлі сене алмай тұрмын», - дейді ол.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 8 айында 372,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға артық.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT