Таразда 43 жастағы әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда 43 жастағы әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтірлді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 3 маусым күні сағат 17.00 шамасында Тараз қаласының 2-полиция бөліміне қалалық №1 ауруханасынан хабар түскен.

Онда 47 жастағы жергілікті тұрғынның дене жарақатымен түскені айтылған.

Ер адам келесі күні жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.

«Аталған дерек бойынша жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 43 жастағы азаматтық некедегі әйелі анықталып, ұсталды. Ол кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - дейді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Күдікті бұрын сотты болмаған.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар