Таразда 30 жастағы жүргізуші 4 қап марихуанамен ұсталды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл обылысының орталығы Тараз қаласында 30 жастағы жүргізушінің көлігінен 4 қап марихуана табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығының аумағын патрульдеу барысында Тараз қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 30 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Нива Шевролет» автокөлігін тоқтатқан.

«Тараз тұрғынының тәртіп сақшыларымен сөйлесудегі мінез-құлқы мен көлік салонындағы ерекше иіс полицейлердің күмәнін тудырды. Машина тексеріліп, оның барысында өсімдік тектес төрт қап кептірілген марихуана табылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.


Соңғы жаңалықтар