+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Таразда 280 көпқабатты тұрғын үйден тұратын жаңа шағын аудан бой көтеруде

2019 жылғы 28 шілде 18:43
Бөлісіңіз:
Таразда 280 көпқабатты тұрғын үйден тұратын жаңа шағын аудан бой көтеруде

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласындағы жаңа 15-шағын ауданда биыл 80 және 60 пәтерлі 25 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы ӨКҚ алаңында қала басшысы Қайрат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Өмірзақ Шөкеев Мақтааралда арнайы штаб отырысын өткізді Тұрғын үй құрылысы саласындағы материалдардың үлесі 90%-ға жеткізіледі - министрлік Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы құрылысы аяқталған бірқатар нысанды көрді

«Қазіргі таңда Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектарда 15-ші мөлтек ауданының құрылысы жүргізілуде. Онда «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 10 300 отбасына арналған 280 көпқабатты тұрғын үй бой көтермек. Қазіргі таңда 25 үй салынуда. Алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда. Бүгінгі таңда 80 пәтерлі 10 тұрғын үй пайдалануға берілген»,- дейді Қайрат Досаев.


Сондай-ақ,жаңа шағын аудан маңынан жеке тұрғын үйлер құрылысын жүргізу бойынша 555 жер телімі бөлінген. Бұл жер телімдеріне жеке инвесторлар несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлердің құрылысын жүргізбек. Оның 255-і бойынша 4 мердігермен келісімшарт жасалған.

Айта кетейік, бүгінде қала бойынша 16 054 адам тұрғын үй кезегінде тұр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT