Таразда 250 домбырашы күй шертті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда Қазақстан тарихындағы алғашқы ұлттық домбыра күні «Домбыра - халық мұрасы» атты театрландырылған қойылымы, «Домбыра думан» байқауы және мерекелік концертпен аталып өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

«Бұл - керемет мереке. Әр қазақ домбыра шерте білуі тиіс. Президентіміздің Жарлығымен белгіленген Ұлттық домбыра күнін атап өтудеміз», - деді «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, дирижер Ерлан Бақтыгерей.

Жүздеген қала тұрғындары қатысқан мереке ұлы қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Салтанатты шараға қала және облыс қоғамдастықтарының өкілдері, танымал музыканттар - күйші, композитор Әбдімомын Желдібаев, мәдениет қайраткері Аман Малдыбаев, еңбек сіңірген қайраткер Мұхтар Рахманқұлов, халықаралық конкурстардың лауреаты Адай Жұмат қатысты.

«Домбыра үні» театрландырылған қойылымда қазақ музыка мұрасының үздік туындылары көрсетілді. 250 домбырашы «Ерке сылқым», «Көңілашар», «Балбырауын» сияқты күйлерді шертті.

Таразда Ұлттық домбыра күні «Домбыра - халық мұрасы» мерекелік концертімен аяқталды. Оған мектептен тыс жұмыс орталығының жас музыканттары танымал күйлерді орындады. 

Соңғы жаңалықтар