Таразда 220 метрлік субұрқақ бар

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Еліміздегі ең ұзын және ерекше субұрқақ Тараз қаласында орналасқан. Былтыр қала күні қарсаңында көне шаһар тұрғындарына тамаша тарту болған 220 метрлік субұрқағы «Желтоқсан толқыны» деп аталады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Желтоқсан толқыны» түрлі-түсті су субұрқағы 220 метрлік 3 каскадтан тұрады. басталған алғашқы толқыны 86 деген монументальды мафтан басталады. Бұрқақтың бойына Тәуелсіздігіміздің символдары саналатын барлығы 14 дана барыс, қыран құс, пырақ мүсіндері орнатылған.

Бұл субұрқақ дәл осындай атаумен аталатын аллеяда орын тепкен. Аталмыш аллеяны өткен жылы толығымен жаңғыртылған. Қайта жаңғырту жұмыстары нысанды Қайрат Рысқұлбеков саябағымен байланыстыру және біріздендіру мақсатында жүргізілген болатын. Жалпы, жобаның эскизі «Spektr Energi Group» ЖШС тарапынан әзірленген. Ені 20 метр, ұзындығы 240 метр болатын аллеяның аумағы 0,5 гектарды құрайды. Жоба құны 284 миллион теңгеге айналған.

Айта кетейік, аллеяда 120 павловния ағашы отырғызылып, 22 жарық шамдары, күн сәулесінен қуат алатын 4 дана батарея, 10 дана смарт орындықтарына интернет желісіне қосылатын құрылғылар (wi-fi), 48 орындық мен қоқыс тастайтын жәшіктер орнатылған.

Соңғы жаңалықтар