Таразда 21 жастағы алаяқ қыз қолға түсті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда полицейлер 21 жастағы интернет-алаяғын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны 44 жастағы әйел адам хабарласып, белгісіз адам оның телефонына қоңырау шалып, автокөлігіне 290 500 теңге көлемінде айыппұл салынғанын айтып, осылайша сеніміне кіріп, алдау жолымен ақша аудартып алғанын айтып шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Тараз қаласының 21 жастағы тұрғынын анықтады. Күдікті қыз өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазіргі уақытта күдіктінің басқа осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар