Таразда 16 жастағы жігіт соққыдан қаза тапты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздың ортасында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20 қыркүйек күні кешкісін Тараз қаласы ішкі істер басқармасына Абай даңғылының бойындағы «Қазфосфат» аялдамасының маңында 16 жастағы жігіттің соққыға жығылғаны туралы хабарлама түсті. Ол жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған», - делінген құқық қорғау ведомствосының хабарламасында.

Облыстық ІІД полиция қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Іс ІІД басшылығының бақылауында, деп атап өтті Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінен. 

Соңғы жаңалықтар