Таразда 150-ге жуық көше жөнделеді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласында 29 жоба бойынша ұзындығы 75 шақырымды құрайтын 148 көшеге құны 1,5 миллиард теңге болатын орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл орайда орташа жөндеу жұмыстарымен негізінен талай жылдан бері өзекті мәселеге айналған «Тайвань», «Арай» тұрғын алқаптарының көшелері қамтылмақ. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 600 миллион теңге қаралып, қаланың көпқабатты тұрғын үйлері орналасқан шағын аудандардағы жол жабындыларына ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылатын болады.null

Жалпы, Тараз қаласы көшелерінің жол жабындыларын қалпына келтіру - өзекті мәселердің бірі десек, бүгінде облыс әкімінің тапсырмасына орай қаладағы барлық көшелерді түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бұған дейін коммуналдық меншікте ұзындығы 996 шақырымды құрайтын барлығы 576 көше тіркелсе, түгендеу жұмыстары барысында 1531 шақырымды құрайтын 1330 көше анықталған.

«Қаладағы көше жабындыларын реттеу үшін арнайы үш жылдық Жол картасы бекітілген болатын. Картаға сәйкес, бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар (мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау) нысандар орналасқан және қоғамдық көліктер қатынайтын, инженерлік жүйелермен толығымен қамтылған, көшелер жөнделу көзделуде. Бұл бағытта биыл ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 100,0 миллион теңгеге бөлініп, 22000 шаршы метрді құрайтын 86 көшені (қоғамдық көлікпен қамтылған) қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 8900 шаршы метрінде, яғни 36 көшеде нақты жұмыстар атқарылды. Қалған жұмыстар ағымдағы жылдың шілде айында аяқталады деп күтілуде»,-делінген облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ол ғана емес, қазіргі таңда шаһардағы «Бурыл А,Б,В» тұрғын үй массивінің 26 шақырымды құрайтын 50 көшесіне шағал тас төсеу жұмыстары басталды. Оның жалпы құны 260 миллион теңгені құрап отыр. Бұл жұмыстарды «Ая сервис» ЖШС-гі жүргізуде. Аталған мәселелер тұрақты бақылауда.

Соңғы жаңалықтар