Таразда 12 жасар бала суға кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда 2007 жылы туған жасөспірім суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«2007 жылы туған жасөсіпірім қала аумағына қарасты «Қапал» каналында суға шомылып жүріп, батып кеткен. Мәйітті 28 мамыр күні түскі сағат 14:00 шамасында Жедел құтқару жасағының құтқарушылары судан шығарған» делінген мәліметте.

Айта кетейік, құтқару-іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті мен ПБ кезекші жедел-тергеу тобынан 10 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылған. Алайда баланы аман алу мүмкін болмады.

Соңғы жаңалықтар