Таразда 10 жасар қыз бала терезеден құлап кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Облыс орталығында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«9 шілде күні күндізгі сағат 14:30-да «Қаратау» мөлтек ауданында оқыс оқиға болды. Үйде үлкендердің бақылауынсыз қалып қойған он жасар қыз бала көпқабатты үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кеткен», - деп хабарлады ведомстводан.

Жеткіншек ауыр жарақаттармен Тараз қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың сүйектері бірнеше жерінен сынған.

Жамбыл облыстық ТЖД ата-аналарға барынша мұқият болып, балаларды көзден таса қылмау керектігін ескертеді. Әсіресе қазіргі жазғы демалыс кезінде балалар көп жағдайда үйде ересектердің қарауынсыз, өздері ғана қалады.

Автор: Галина Скрипник

Соңғы жаңалықтар