+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Тараз университеті жанынан «Адалдық дүкені» ашылды

2020 жылғы 28 қаңтар 08:50
Бөлісіңіз:
Тараз университеті жанынан «Адалдық дүкені» ашылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда кезекті «Адалдық дүкені» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облыстық департаментіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды Елордада бірінші ауысымдағы мектеп оқушыларына сабақ болмайды Президент тапсырмасы: Қарағандыда латын әліпбиінің жаңартылған нұсқасы талқыланды

Сатушысы жоқ дүкен «USTAZ» Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті жанынан ашылды. Мұнда көптеген сусындар, тәттілер, шоколад, жаңа піскен нан өнімдері сатылады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Махметқали Сарыбеков, Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов «USTAZ» университетіндегі «Адалдық дүкенімен» және «Адал кітапханамен» танысты, сондай-ақ, «Саналы ұрпақ» фронт-офисінде белсенді студенттермен кездесіп, пікір алмасты.

«Адалдық дүкенінен сатушысыз тауар сатып алуға болады. Оны студеннттер де, оқу орнының мұғалімдері де, қала тұрғындары да пайдалана алады. Сенім тетігі көптеген жылдар бойы Еуропа елдерінде енгізіліп келеді», - деп атап өтті «USTAZ» Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өңірлік департаментінің басшысы Равиль Төлебаев осындай тетіктерді енгізу жастардың моральдық ұстанымдарын, сондай-ақ академиялық адалдықты дамытуға ықпал ететінін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT