Тараз түрмесінде қылмыскер өзіне қол жұмсады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз түрмесінде 12 жыл бұрын сотталған қылмыскер өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға ЖД-158-де 7 мекемесіндегі ағаш өндеу цехында, кешкі сағат 6-лар шамасында болған. Алайда ол аумақта бейнебақылау камералары болмаған. Айта кетейік, жазасын өтеуші аса ауыр қылмыс жасағаны үшін осыдан он екі жыл бұрын 19 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

«Ол өзінің ауылдас досының әйелін зорлап өлтірген. Оқиға 2008 жылы болған, ол үнемі оған өкініп уайымдап жүретін. Бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны үшін бізде есепте тұрған. 2016 жылдан бері бақылауда ұстадық. Алайда өкінішке орай, осындай қараусыз қалған кезінде өз-өзіне қол жұмсап мерт болды»,-дейді ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бастығының бірінші орынбасары Теңізжан Жәнібеков.

Аталмыш оқиға туралы әлеуметтік желіде бірінші болып құқық қорғаушы Елена Семенова жария етті. Ол сотталушының өзін-өзі өлтіру нұсқасына сенбейді.

«Құзырлы органдар өзін-өзі өлтірді деп айтады, бірақ сотталушылар бұл нұсқаға сенбейді. Мен де сенбеймін. 12 жылдан бері өзіне қол салғысы келсе осынша ұзақ уақыт ойланбас еді. Оны психолог мамандар да айта алады. Жазасының жартсынан көбін өтеген ол бұл қадамға баруы мүмкін емес»,-дейді Елена Семенова.

Аталған жағдайға қатысты медициналық сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар