Тараз тұрғынының сөмкесінен бір келіден астам героин табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер героин сақтаған Тараз қаласы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қаласында 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, оның сөмкесінен салмағы 1,08 гр героин табылып, тәркіленді.

Ол Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Бұл қылмыс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы түріндегі жаза қарастырылады»,- деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Дінмұхамбет Қойториев.


Соңғы жаңалықтар