+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Тараз тұрғынынан 4 қап марихуана тәркіленді

2021 жылғы 25 қазан 11:00
Бөлісіңіз:
Тараз тұрғынынан 4 қап марихуана тәркіленді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз тұрғынынан келі килограмм марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында мас күйінде көлік басқарған 35 жүргізуші анықталды Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Жамбыл облысында 784 шара ұйымдастырылған Жамбыл облысында дауылдан кейін газ құбырлары қалпына келтірілді

«Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу шарасы аясында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу-Мерке автожолынан 4 шақырым жердегі Сарғау аймағында есірткі дайындап жатқан Тараз қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстады.

Сол маңды тексеру кезінде төрт қап барлығы - 44 килограмм 320 грамм кептірілген марихуана тәркіленді. Күдікті кінәсін мойындады, қазіргі кезде Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлімі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша соталды тергеу басталды. Мұндай қылмыс үшін 10-15 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылады, сонымен қатар сотталушының мүлкі тәркіленеді», - деді Есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT