Тараз тұрғынынан 21 келіден астам кептірілген марихуана табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер Тараз қаласының 28 жастағы тұрғынының автокөлігінен 21 келі 360 граммды құрайтын марихуана тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлдімдеді.

«Тараз қаласының Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығында патрульдеу кезінде қала көшелерінің бірінде «Volkswagen Golf» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тараз қаласының 28 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлік салонын тексеру барысында тәртіп сақшылары салмағы 21 келі 360 граммды құрайтын екі қап өсімдік затын тапты. Сараптама оның марихуана екенін көрсетті»,- делінген хабарламада.

Аталмыш дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Соңғы жаңалықтар