Тараз тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған 43 жастағы күдікті ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздық полицейлер қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияға Жамбыл облысы орталығының 55 жастағы тұрғыны арызданып, өзін пышақ тәрізді затпен қорқытып, ұялы телефонын ашық түрде ұрлап кеткен қылмыскерді ұстау туралы өтінішпен жүгінген.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Тараз қаласы ЖПБ ОП-1 криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

«Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген ведомство хабарламасында.

Ер адам өзінің кінәсін толығымен мойындап, Тараз қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды.


Соңғы жаңалықтар