Тараз тұрғыны героинмен ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда есірткі сатқан жергілікті тұрғын ұсталды,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық «Қарасора-2021» жедел- алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының аумағында героин сатқан 31 жастағы тұрғынды ұстады.

Санкцияланған тінту барысында ер адамның үйіндегі жатын бөлмесінен «Тея» атты қызметтік ит жалпы салмағы 4 грамм болатын героин есірткі затын тапқан.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өз өз кінәсін мойындаған азамат Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.


Соңғы жаңалықтар