Тараз тұрғындарына ыстық су қыркүйек айында беріледі

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласында тұрғындарға ыстық су қыркүйек айында беріледі. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Тараз қаласының «Қаратау», «Қарасу» ықшамаудандары мен «Қарасу» және Қант кенті массивтеріндегі 82 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су жаз бойы үздіксіз берілетін болады. Ал, қаланың қалған бөліктерінде жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуіне байланысты 10 маусымнан бастап ыстық су беру тоқтатылды.

Аталмыш баспасөз конференциясына Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев, «Таразэнергоорталық» АҚ президенті Әбутәліп Серікбаев, «Таразтрансэнерго» МКК директорының міндетін атқарушы Жақсылық Жогибаев, «Темір Жол-Жылу» МКК директоры Ғайни Исабеков қатысты.

Спикерлердің айтуынша, Тараз қаласын жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындарда 2019-2020 жылдарға жылыту маусымына дайындық іс-шара жоспары әзірленіп бекітілген.

«Ағымдағы жылы облыс бойынша жылумен қамтитын кәсіпорындар ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына 626,83 миллион теңге қарастырылған. Сондай-ақ, «ТемірЖол-Жылу» кәсіпорны бойынша «Газовая» қазандығынан Байзақ батыр көшесіндегі 19 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су беру ағымдағы жылдың 5 маусымынан бастап тоқтатылды. Бекітілген жоспар бойынша аталған учаскеде жылу желілерін жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - деді тиісті басқарма басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев.

Соңғы жаңалықтар